Көктем нұрын шашкан» атты сурет қол өнер сайысы »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көктем нұрын шашкан» атты сурет қол өнер сайысы
12
март
2021

Көктем нұрын шашкан» атты сурет қол өнер сайысы

Бүгінгі таңда ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосатын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізетіні анық.
Олай болса, балаларды әсемдік пен көріктілікке тәрбиелеп, ой өрістерін кеңейту, кол өнерге деген талаптарын дамыту, кызығушылықтарын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 2-10 наурыз аралығында 15 Гимназияда кітапхана мен көркем еңбең мұғалімдерімен бірлесіп «Көктем нұрын шашкан» атты сурет қол өнер сайысын өткізді. Сайысқа Саидова Камилла 5" З" сынып, Меделханқызы Алуа 5 «Г», Никифоренко Вероника 5"З" сынып, Еркенова Алина 8 А сынып, Қылышпай Жәния 8 «А» сынып, Оңғарбаев Арнұр 8 «Ә» сынып, Есентай Айша 8 «Ә» снып, Мырзағали Айғаным 6 «В» сынып, Мулдашев Ратмир 7 «А»сынып, Курванжанова Камилла 7 «А» сынып, Қалдаш Нұрәділ 7 «Ә» сынып, Мамреева Айсұлу 6 «В» сынып, Чакаров Тамерлан 5 «Б» сынып, Исаева Медина 6 «Б» сынып, Кенжетай Хакназар 6 «А» сынып, Айтмаханова Айдана 6 «Б» сынып, Джумагазиев Арлан 6 «Б» сынып, Әлім Дилара 8 «Ә» сынып, Асқарқызы Айару 5 «А» сынып, Алмасхан Назерке 7 «А» сынып оқушылары қатысты және марапатталды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: