Speaking club »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Speaking club
01
апрель
2021

Speaking club

Бүгін мектеп директоры Бұлбұл Расбекқызының қолдауымен, шет тілі кафедрасының меңгерушісі Омарова Асель Абдыкалыковнаның ұйымдастыруымен, гимназиядағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің 2-ші “Speaking club” отырысы өтті.Шет тілін үйрену барысында, ең қажеттісі сол тілді қарапайым өмірлік тәжірибеде де қолдану болып табылады. Қоршаған ортамыз қазақ н/е орыс тілінде сөйлейтін болғандықтан, ағылшын тілін біз тек сабақ барысында ғана қолданамыз да қоямыз! Осыған байланысты ағылшын тілінде сөйлеу дәрежеміз бір орында қалып қояды, тіпті болмаса төмендеп те кетеді. Кез келген шет тілін үйренуші адамға таныс мәселе деп ойлаймын!
Гимназиямыз Алматы қаласындағы лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін мектептер арасында көш бастап тұруы қажет, ал ол үшін мұғалімдер бір-бірімізге көмектесе отырып, тілдік дәрежемізді көтеруіміз керек деген мақсат қойдық. Сол мақсатқа жету жолында, әзірше тек кафедра арасында “Speaking club” үйірмесін ұйымдастырған болатынбыз.
“Speaking club”-та өзекті, маңызды тақырыптар қозғалды. Ұйымдастырушы жас мамандарымыздың креативті тапқырлығының арқасында ол дебат түрінде 2 топқа бөлініп, қызу да, қарқынды ой-таласпен өтті. Қанша адам болса, сонша пікір болады демекші, берілген тақырып бойынша әркім өз көзқарасын білдіргенде тек тілді дамытып қана қойған жоқпыз, сонымен қатар сол тақырыпта, бір-бірімізбен басқа да ақпараттар алмаса алдық.
Қысқасы, “Speaking club” жобасының пайдасы көп. Алда талай айтылмаған тақырыптарды ортаға салып, талқылайтын боламыз.
Карантин бітсе, мектепте барлық әріптестерімізбен жиналып, дөңгелек үстел құрып, бетпе-бет дебаттар өткізсек бұдан да қызықты болар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: