Бірінші сыныпқа қабылдау »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа қабылдау
22
июль
2021

Бірінші сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар! 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.
📚Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: 
  • Бала туралы мәлімет (фамилиясы; аты; әкесінің аты; жынысы; туған жылы; туу туралы куәлік; ЖСН; тұратын мекенжайы)
  • Өтініш беруші туралы мәлімет (өтініш берушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты; өкілдің статусы, телефоны; үй/мобильді)
  • Өтінішті тек заңды өкіл (анасы, әкесі, қамқоршысы) бере алады. Он төрт жасқа толмаған (кәмелетке толмағандар) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып табылады.

Орта білім беру ұйымына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

Маңызды! Құжаттарды орта білім беру ұйымына қабылданған соң 3 күн ішінде өткізу керек.
  • көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің өтініші
  • өтініш берушінің (заңды өкілдің) жеке басын куәландыратын құжат
  • көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
  • 3х4 см өлшеміндегі фотосурет – 2 дана
  • денсаулығы туралы № 026/у-3 нысанындағы анықтама
  • денсаулығы туралы № 063/у нысанындағы анықтама

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: