7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт
07
май
2022

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт

КММ "Гимназия №15"   7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Тәрбиелік-тағылымдық маңызы зор бұл іс-шара  гимназияның үйірме жетекшілерінің есеп беру концертімен тұспа-тұс келіп,  үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді. 
Қазақ халқының бүкіл тарихындағы барлық күресі өзінің қасиетті Отанын, атамекен жерін және оның тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес екендігі белгілі. Бүгінгі іс-шара халқымыздың ұшан теңіз тарихындағы  батырлардың ұлы ерліктері мен күресін  еске түсіріп, рухымызды көтерді. Концертке гимназияның 1-9 сынып оқушылары өнер көрсетіп, Отан қорғаушыларға арналған әсем әндері мен қазақ күйлерін шырқап, билер биледі.
Тәрбиелік іс-шараның басында  гимназия директоры Оспанбек Б.Р. ерлер қауымын Отан  қорғаушылар күнімен құттықтап, өзінің ақжарма тілегін жеткізді және гимназияның  ер азаматтарын  алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтарын табыстады. Концерт хор жетекшісі Абдалиева Алманың "Сарбаздар" әнін орындауымен аяқталды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: