Хабарландыру! »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!
18
май
2022

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар!
 Бірнеше жылдар бойы гимназия әкімшілігі бүгінгі күнге дейін ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген, 1985 жылы салынған гимназияның негізгі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы мәселені көтеріп келеді!
37 жыл ішінде ғимараттың барлық коммуникациялары ескіргені соншалық, жыл сайын жүргізілетін жеңіл жөндеу жұмыстары қалыпты жұмыс істеудің жинақталған мәселелерін шеше алмады.
МІНЕ, БҰЛ СҰРАҚ ТА ШЕШІМІН ТАПТЫ! Жағымды жаңалық - 2022 жылдың 26 мамырында мердігерлер өз жұмыстарына кіріседі. Әрине, күрделі жөндеудің басталғаны барлығымыз үшін  қуанышты жаңалық!
    Алайда, жөндеу жұмыстарын жүргізу бірқатар уақытша қолайсыздықтар туғызады, олардың негізгісі бұл -  біздің оқушыларымыздың бір бөлігі басқа мектептерде оқитын болады. Қалалық білім басқармасы мен АББ мектеппен бірлесіп бұл мәселені балалардың пайдасына қарай шешіп, қарастырды. Гимназияға мүмкіндігінше жақын арада орналасқан мектептер, сондай-ақ сол мектептердің оқу процесіне кедергі келтірмеу сияқты барлық жағдайлар ескерілді.  Сондықтан, №124, №128 мектептердегі оқушы санының аздығы және олардың біздің мектепке  барынша ыңғайлы орналасуын ескере отырып, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап төмендегідей  шешім қабылданды: - Бастауыш мектеп ғимаратында қазақ тілінде оқытатын 7-11 сыныптар және орыс тілінде оқытатын 5-11 сыныптар оқитын болады;
- орыс тілінде оқытатын бастауыш мектеп, (Бөгенбай батыр көшесі, 260) екінші ауысымда №124 мектепте оқиды;
- қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп және 5-6 қазақ сыныптары Жароков көшесі 18-де орналасқан №128 мектепте екінші ауысымда  оқитын болады.
      2022 жылдың қыркүйегінен бастап 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды енгізу жоспарлануда, ал біздің бастауыш мектеп ғимаратында асхана жоқ, сол себепті барлық бастауыш сыныптарды басқа мектептерге ауыстырдық.    Орта және жоғары буын балалары үшін буфеттік өнімдер ұйымдастырылады.   Құрметті ата-аналар, бұл қолайсыздықтардың барлығы уақытша,  шыдамды болып, осы сәттерді қабылдауларыңызды сұраймыз, өйткені бұл жөндеуді барлығымыз  ұзақ уақыт күттік және үміттеріміз орындалды! Біз осы сәттерді бірге жеңеміз деп үміттенеміз. Біз жаңартылған мектепті күтіп отырмыз және жөндеу жұмыстары тез әрі сапалы жүргізіледі деп сенеміз.
 Құрметпен гимназия әкімшілігі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: