Cыңғырла соңғы қоңырау »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Cыңғырла соңғы қоңырау
27
май
2022

Cыңғырла соңғы қоңырау

 25 мамыр күні соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны болып өтті.
Мектеп директоры Оспанбек Бұлбұл Расбекқызы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. 
Мерекенің сәтті, көңілді өтуіне әркім өз үлесін қосты! Атап айтсақ , "Шолпан жұлдыздары" мектеп би ансамблінің  тамаша бишілері,  1-сынып оқушыларының көңілді, жалынды және заманауи биі, түлектердің ерекше өнері, 4 тілде жеткізген жылы лебіздері, біздің 11 сынып оқушыларымыздың әсерлі әні мен вальсі барлығының көңілінен шықты. 
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлық түлектерге Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына тілектеспіз. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларына тілектеспіз! 💐💐💐💞💞💞🎊🎊🎊

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: