«Жыл мұғалімі - 2020» байқауның үшінші айналымы »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыл мұғалімі - 2020» байқауның үшінші айналымы
24
февраль
2020

«Жыл мұғалімі - 2020» байқауның үшінші айналымы

 Құрметті ұстаздар, әріптестер, оқушылар, ата-аналар және барлық қызығушылық танытқан жандар! 
"Жыл мұғалімі-2020" байқауы Алматы қаласы әкімі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлының қолдауымен және Білім басқармасының басшылығымен өткізілуде. 

Байқау дегеніміз - бұл тәжірибе алмасу, бұл үйретуге және үйренуге мүмкіндік!  Байқау- бұл өзара әрекет! Бұл - бүкіл ұжымның бірлігі! Бұл - достық пен нақты ынтымақтастық атмосферасы. 
Гимназиямыздың 18 мұғалімі сайыстың төменгі кезеңдерінен өтті:
 -Ашық сабақтар өткізу;
-Сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;

 *Бүгін біз «Жыл мұғалімі - 2020»  байқауы мектепішілік кезеңінің соңғы үшінші айналымын өткізгелі отырмыз. Ол - «Менің Қазақстанның дамуына қосқан үлесім» тақырыбындағы мұғалімдердің бейнеүндеулері. Сонымен қатар, қол жетімділікті кеңінен қамтамасыз ету үшін біз 18 сайыскеріміздің барлық бейнеүндеулерін ғаламторда жариялаймыз. 

 *Дауыс берушінің әрқайсысы бір немесе үш үміткерге өз дауысын беруге құқылы *. Осылайша, сіз 1-3 қатысушыға дауыс бере аласыз.
Дауыс беру ыңғайлы болу үшін біз әрбір қатысушыға оның бейнефайлын қоса тіркедік.

 Дауыс беру 2020 жылдың  23 ақпан сағат  15.00-ден 24 ақпан сағ 15.00-ге дейін жалғасады. 
Бұл кезең негізгі 2 кезеңнен бөлек бағаланады. Осы кезең үшін арнайы 1,2,3 орындар анықталады.

 Бағалау критерийлері: 
- белсенді азаматтық көзқарас, ұстаным
- тартымдылық
- нанымдылық
- өзгеше ойлау
- мұғалімнің АҚТ құзіреттілігі.

 Сайыскерлердің өздері дауыс беруге қатыса  алмайды. 

                  Мектептің ұйымдастыру комитеті
                  23 ақпан 2020 жыл

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: