Оқушылар арасындағы көркем сөз сайысы »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылар арасындағы көркем сөз сайысы
20
декабрь
2020

Оқушылар арасындағы көркем сөз сайысы

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі!

Тәуелсіз еліміз үшін тіл мерекесінің маңызы жоғары. Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймыз!

15 мектеп-гимназиясында 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған 
"Қазақстан халқы тілдері күні" атты оқушылар арасындағы көркем сөз сайысы қашықтан өткізілді.
Бұл сайысқа оқушылар белсене ат салысып, бар өнерлерін көрсетті. 

1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі. "Тәрбие басы – тіл" дейді Махмұд Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі көпұлтты мемлекетіміздің береке-бірлігін нығайта берсін!
#15мектеп-гимназия 
#тілдеркүні 
#тілмерекесі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: