«№ 15 гимназия» ұжымымен Президент Қ.К.Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы талқылау өтті.
03 қазан 2023 жылы КММ «№ 15 гимназия» ұжымымен Президент Қ.К.Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы талқылау өтті.
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауды талқылау барысында экономика саласына қатысты, қауіпсіздік және білім саласына қатысты мәселелер айтылды, ол негізгі міндеттер, оның ішінде ерекше назар білім беру мен денсаулық сақтаушылыққа аударылды.
Тоқаевтың айтуынша: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет».
Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажеттілігін, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру, зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керектігін айтты.
Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек.
Қорытынды талқылау кезінде Тарих мұғалімі Қ.Ш.Дүйсенбеков сөз сөйледі, ол осы міндеттерді орындауымыз қажет, бұл Жолдауын іске асыру барлығымыз белсене ат салысамыз.


