25
октябрь
2023
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің еліміз үшін 25 қазан-тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Декларация елдің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттік қағыдаттары бекітілді.
Еліміздің әрбір тұрғынын осы айтулы мерекемен құттықтаймыз!
Барша отандастарға берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз — Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!