Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
1Б сыныбында «Тілашар» мерекесі өткізілді.
21
декабрь
2023
1Б сыныбында «Тілашар» мерекесі өткізілді.
1 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жадыра Абайқызының ұйымдастыруымен мектебімізде «Тілашар» мерекесі өткізілді. Мерекелік іс - шараның мақсаты оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімі мен білігі, жеткен жетістіктерімен бөлісу.  Кешке ата - аналар мен қонақтар қатыстып, тілектерін білдірді. Оқушылар білім жолында қанаттарың талмасын, биіктерді бағындыруларыңа тілектеспіз.
“Мақта қыз бен мысық” ертегісінің желісі бойынша көрініс қойылды
20
декабрь
2023
“Мақта қыз бен мысық” ертегісінің желісі бойынша көрініс қойылды
20 желтоқсанда “Мемлекеттік тіл - менің тілім” атты қазақ тілі онкүндігінің аясында өткен “Мақта қыз бен мысық” ертегісінің желісі бойынша көрініс қойылды. Көрініске 1-сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жанатханова Р.Ж., Әбдраман Т.К. ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Сахналық көрініс соңында қатысушылар мадақтамамен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз👍💐
«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік тақырыбында сынып сағаты өтті.
15
декабрь
2023
«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік тақырыбында сынып сағаты өтті.
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Гимназияда «Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың рухани тұлғалық, адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.🎊🇰🇿👍
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ө ткен іс шара
28
ноябрь
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ө ткен іс шара
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 28 қарашада 7 «З» сыныбында «А.С.Пушкин» " Станциялық бақылаушысы" повестіндегі кішкентай адамның қасіреті тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, ребустар мен кроссвордтарды шешті. Біздің оқушылар мектеп әдебиетін бағдарлама бойынша оқып қана қоймай, онлайн-кітаптарды оқитын, аудио-кітаптарды тыңдайтын, бейне роликтерді көретін kitap.kz сайтының белсенді пайдаланушылары болып табылады.
3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік олимпиада өтті.
22
ноябрь
2023
3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік
22-23 қараша күні бастауыш 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадада  3 д сынып оқушысы Таласбаев Дамир 30 сұрақтың бәріне дұрыс жауап беріп, жеңімпаз атанды! Қатысқан оқушылардың барлығы мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды!
8-10 сынып оқушылары арасында Қол күрес, Арқан тартыс ойындарынан жарыс өткізілді
17
ноябрь
2023
8-10 сынып оқушылары арасында Қол күрес, Арқан тартыс ойындарынан
Оқушылар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлерін насихаттау, оқушылардың бойында батылдық, ептілік, ұйымшылдық, төзімділік тәрізді жақсы қасиеттерді дамыту мақсатында 16-17.11 аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында Қол күрес, Арқан тартыс ойындарынан жарыс өткізілді.