15-ГИМНАЗИЯ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ШЫҢЫ!! »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15-ГИМНАЗИЯ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ШЫҢЫ!!
07
ноябрь
2020

15-ГИМНАЗИЯ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ШЫҢЫ!!

15-ГИМНАЗИЯ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ШЫҢЫ!!
6 қараша  2020 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жетекші мектептердің аймақаралық  онлайн форумында   гимназиямыздың директоры Оспанбек Бұлбұл Расбекқызы «Пилоттық мектептен – жетекші мектепке: тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі.  
Бұлбұл Расбекқызы  2014-2020 жылдар аралығында Қазақстанның 30 пилоттық мектеперініндегі бастауыш мектептің жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары мен оқулықтарын апробациялау кезіндегі жиналған тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ, гимназия 2016 жылдан бастап 5-11 сыныптардың оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өткізетін мектептердің қатарында болды. 
Гимназияның серіктес мектептермен жұмысы туралы бағдарлама қытысушыларды аса қызықтырды. Гимназия директоры  зерттеу жұмысының мақсаттары мен алгоритмін аша түсіп, жоспарланған жұмыстың барлық кезеңдерін бөліп көрсетті. Сондай-ақ, тыңдаушыларға гимназия мұғалімдерінен құрылған топтардың сабақты зерттеу (Lesson Study) және де іс-әрекетті зерттеу бойынша  (Action research) тақырыптарымен таныстырды. 
Презентацияның нақты, бай форматы -  Бұлбұл Расбекқызының аудиторияны баурап алу қабілеті, пилоттық мектептің жинақталған тәжірибесі - осының бәрі гимназия директорының сәтті, креативті тұстарының бірі болып табылады.
Форумға көптеген қатысушы-мектептердің ішінен әдістемелік көрмеге гимназияның серіктес мектептермен жүргізетін жұмыс моделі таңдалып алынды. 
Сондай-ақ, көптеген жетекші мектеп директорларының «лайфхак»-тарының ішінде, гимназия директоры Булбул Расбекқызының «лайфхак»-гі ең кретивті, пайдалы, деп таңдалып, форумының пленарлық бөлімінде көрсетілді. 
Бұл гимназия ұжымы мен директордың жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудегі сәтті жұмыстарының дәлелі деп білеміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: