"Әр өлеңі-бір әлем" атты поэзия кеші »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Әр өлеңі-бір әлем" атты поэзия кеші
05
февраль
2021

"Әр өлеңі-бір әлем" атты поэзия кеші

Жырыменен жүректерді тербеген,Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың,
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
Ақпан айының 2-5 күндері «Қазақ тілі әдістемелік бірлестігі» және
кітапхана меңгерушісі Райхан Мұхтарханқызының ұйымдастыруымен гимназиямызда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 - жылдық мерейтойына орай, "Әр өлеңі-бір әлем" атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынды еске алуға арналған поэзия кеші өтті.
Поэзиялық кештің мақсаты: оқушыларымызды, жастарымызды ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, ақын өлеңдері арқылы шығармашылыққа баулу, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Еске алуға арналған поэзиялық іс-шараға 9-11 сынып оқушылары мен қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің ұстаздары атсалысты.
#15гимназия
#Мақатаев90
#Мұқағали90
#білім
#ұстаз 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: