Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік бастауы. Кездесу кеші »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік бастауы. Кездесу кеші
21
декабрь
2022

Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік бастауы. Кездесу кеші

Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздік бастауы. Дәл осы тақырыпта кеше 7-сынып оқушыларының қатысуымен кездесу кеші өтті. Кездесуге Аманғазы Кәріпжанәулеті мен Атемова Қалдықыз Болысқызы қатысты. Өткен күннің көрінісін суреттеген бұл кездесу де өте әсерлі өтті. “Иә, қанды алаңда таңбаланған тарихи күнді ұмыту мүмкін емес”,- деп өз сөздерін бастаған кеш қонақтары 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, естеліктерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде оқушыларымыз Тәуелсіздікке тарту ретінде кездесуге келген кеш қонақтарына арнап, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында ақын Аманғазы Кәріпжантегі домбырамен арнау әнін орындап, гимназиямыздың кітапхана қорына “Желтоқсан- менің тағдырым” атты кітабын сыйға тарту етті. Сонымен қатар барлық қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: