Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс- шара »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс- шара
21
декабрь
2022

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс- шара

13 желтоқсанда 8 сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулып, Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру, сахналық мәдениеттілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Мерекелік кеште тәуелсіздік күніне арналған бейнематериал көрсетіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Қыздармыз мың бұралып би билесе, ұлдарымыз күмбірлете күй шертті. Сонымен қатар іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды. Ал Тамара атты оқушымыз, өзі шығарған «Тәуелсіздік» әнін орындап, көрермендерге патриоттық рух сыйлады. Концерт соңында 8е сынып оқушысы Шер Алимансур «Отан» атты патриоттық әнін орындады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: