ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Білім туралы (2024.01.01. берілгенөзгерістер мен толықтыруларымен) »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Білім туралы (2024.01.01. берілгенөзгерістер мен толықтыруларымен)
02
январь
2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Білім туралы (2024.01.01. берілгенөзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Білім туралы

(2024.01.01. берілгенөзгерістер мен толықтыруларымен)


Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VІІЗаңынқараңыз (2024 ж. 15 шілдеден бастапқолданысқа енгізіледі);

ҚР 2024 жылғы 23 ақпандағы № 64-VIIIЗаңынқараңыз (2024 ж. 27 сәуірден бастапқолданысқа енгізіледі)


1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті

5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті

5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

12-бап. Білім беру деңгейлері

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

14-бап. Білім беру бағдарламалары

15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары

18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары

20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары

24-бап. Алып тасталды

25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

27-бап. Білім алу нысандары

28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру

32-1-бап. Кәсіптік даярлық

33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру

34-бап. Алып тасталды

35-бап. Жоғары білім беру

36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

37-бап. Қосымша білім беру

37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет

37-2-бап. Қашықтан оқыту

38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

39-бап. Білім туралы құжаттар

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

40-бап. Білім беру ұйымдары

40-1-бап. Алып тасталды

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі

45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік

46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ МӘРТЕБЕСІ

50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі

51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

55-бап. Білім беру сапасын басқару

56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

58-бап. Алып тасталды

59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту

64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы

10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

67-1-бап. Өтпелі ережелер

68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі



2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменбүкіл мәтін бойынша «соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне» деген сөздермен ауыстырылды, «Оқу және тәрбие процесін», «оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше «Оқу-тәрбие процесін», «оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесін», «Оқу-тәрбие процесі», «оқу-тәрбие процесінің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2013.03.07. № 121-V ҚРЗаңыменбүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменбүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орындарында», «Жоғары оқу орындарындағы», «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орындарын», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнының», «Жоғары оқу орнының ерекше», «жоғары оқу орнын», «Жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орнына» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменбүкіл мәтін бойынша «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңыменбүкіл мәтін бойынша «мүгедектер», «мүгедек балалар», «мүгедектердің», «мүгедек балалардың», «мүгедек-балалар», «мүгедек балаларды», «мүгедектерді», «мүгедек», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)



Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.



1-тарау. Жалпы ережелер


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) академия - белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-1), 2-2), 2-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда

2-1) академиялық кредит - білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-2) академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-3) аккредиттеу органы - өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-4) тармақшамен толықтырылды

2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) - аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) әдістемелік кабинет - білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.29.06. № 58-VІІ ҚРЗаңымен3-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-2) әскери, арнаулы оқу орындары - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне,Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне,Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) бакалавр - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) бакалавриат -тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен4-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.10.07. № 19-VIІІ ҚРЗаңымен4-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) - қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);

5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен5-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-1) бейіндік мектеп - жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) бейіні бойынша доктор - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды

7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі - білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7-2) тармақша өзгертілді

7-2) біліктілікті арттыру институты - үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен7-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-3) біліктілікті беру - тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7-4) тармақша жаңа редакцияда

7-4) білім алу үшін арнаулы жағдайлар - ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) білім беру - имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен9-2) тармақшамен толықтырылды

9-2) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) білім беру гранты - «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен10-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен10-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры - орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен10-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-2) білім беру кредиті - қаржылық ұйымдар оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақша;

11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен12-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

12-1) білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция - дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, тапсырыс берушінің функциялары берілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыратын заңды тұлға;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен13) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен13-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен13-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен13-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның47-бабының 17-тармағындааталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

15) 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;

17) 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

17-1) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда

18) гимназия - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылды

18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы - ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

18-3) докторант - докторантурада білім алатын адам;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен18-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-4) докторантура - білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен18-5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

18-5) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

19) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен19-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-1) дуальды оқыту - кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен19-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен19-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) - тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен19-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен19-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау - білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен19-4) тармақшамен толықтырылды

19-4) ерекше мәртебе - Қазақстан Республикасының Президенті жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін беретін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;

20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21) тармақша жаңа редакцияда

21) жалпы білім беретін мектеп - білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21-1) тармақша жаңа редакцияда

21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21-2) тармақша жаңа редакцияда  

21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі - кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21-3) тармақша жаңа редакцияда

21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен21-4) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21-4) тармақша жаңа редакцияда

21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен21-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 21-5) тармақша жаңа редакцияда

21-5) жоғары колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім берубағдарламаларыніске асыратын оқу орны;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен21-6) тармақшамен толықтырылды

21-6) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған дамубағдарламасыніске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен21-7) тармақшамен толықтырылды

21-7) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

23) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

24) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 25) тармақша жаңа редакцияда

25) институт - ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) институционалдық аккредиттеу - білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен26-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары - білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары;

2014.18.02. № 175-V ҚРЗаңымен27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

2014.18.02. № 175-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 28) тармақша жаңа редакцияда

28) интернатура - клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен28-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.18.02. № 175-V ҚРЗаңымен28-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-1) кадет - әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен28-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28-2) тармақша өзгертілді

28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары - ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынанарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;

29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен29-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-1) кәсіптік білім - білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен29-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен29-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;

30) 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен30-1) тармақшамен толықтырылды

30-1) кәсіптік практика - болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

31) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

32) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚРЗаңымен33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34) клиникалық база - білім беру ұйымы бірлескен қызмет туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен35) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

35) колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен35-1) тармақшамен толықтырылды

35-1) кооперативтік оқыту - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен36) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

36)  кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен36-1) тармақшамен толықтырылды

36-1) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37) қабылдау квотасы - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен37-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 37-1) тармақша жаңа редакцияда

37-1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен37-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен37-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор - білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;

2015.24.11. № 419-V ҚРЗаңымен38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) қашықтан оқыту - педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен38-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен38-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-1) қолданбалы бакалавриат - білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен38-2) тармақшамен толықтырылды

38-2) қолданбалы бакалавр - орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен38-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен38-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым - балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 39) тармақша жаңа редакцияда

39) қосымша білім беру - білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда

40) лицей - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41) магистр - магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен41-1) тармақшамен толықтырылды

41-1) магистрант - магистратурада білім алатын адам;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен41-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен41-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен41-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

41-2) магистратура - білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен41-3) тармақшамен толықтырылды

41-3) маман - адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;

42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен42-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен42-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

42-1) мектепке дейінгі ұйым - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын, жеке дамыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

43) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен44) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44) мемлекеттік атаулы стипендия - ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілейтін стипендия;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен44-1) тармақшамен толықтырылды

44-1) мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;

2021.02.01. № 399-VI ҚРЗаңымен44-2) тармақшамен толықтырылды

44-2) мемлекеттік білім беру кредиті - білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 45) тармақша өзгертілді

45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау, балаларға қосымша білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен45-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 45-1) тармақша жаңа редакцияда

45-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;

2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен45-2) тармақшамен толықтырылды

45-2) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы - білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен45-3) тармақшамен толықтырылды

45-3) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау - қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 46) тармақша жаңа редакцияда

46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 47) тармақша жаңа редакцияда

47) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен48-1) тармақшамен толықтырылды

48-1) оқыту - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен48-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен48-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48-2) оқыту нәтижелері - білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен48-3) тармақшамен толықтырылды

48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен48-4) тармақшамен толықтырылды

48-4) онлайн-оқыту - білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара әрекет болуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны;

49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен49-1) тармақшамен толықтырылды

49-1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен49-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен49-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

49-2) орта білім беру ұйымы - мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;

49-3)2022.14.07. № 141-VІІҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

49-4) 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен49-5) тармақшамен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен49-5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

49-5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары - тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;

 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен49-6) тармақшамен толықтырылды

49-6) өндірістік оқыту - білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;

50)2012.10.07. № 36-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен50-1) тармақшамен толықтырылды

50-1) педагог - педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен50-2) тармақшамен толықтырылды

50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау - педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен50-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен50-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50-3) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру - білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен50-4) тармақшамен толықтырылды

50-4) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;

 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

51) резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;

51-1) 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен53-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен53-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-1) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен53-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 53-2) тармақша жаңа редакцияда

53-2) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен53-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс - мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардан жаңа орындар беруді қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай төлемдер;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен53-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-4) сынып жетекшілігі - педагогке сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелген функция;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен53-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-5) танылған аккредиттеу органдарының тізілімі - білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-6) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен53-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-6) тәлімгер - өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-7) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен53-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-7) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен53-8) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен53-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

53-8) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындысы бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен53-9) тармақшамен толықтырылды

53-9) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен53-10) тармақшамен толықтырылды

53-10) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары оның базасында шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 54) тармақша жаңа редакцияда

54) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 55) тармақша өзгертілді

55) училище - мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен56) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен56) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

56) ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен56-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен56-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-1) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен56-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен56-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен56-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

56-2) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті;

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен56-3) тармақшамен толықтырылды

56-3) үздіксіз интеграцияланған білім беру - деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 57) тармақша жаңа редакцияда

57) философия докторы (РhD) - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

2012.09.01. № 535-IV ҚРЗаңымен57-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

57-1) халықаралық мектеп - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;

58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

2014.18.02. № 175-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 59) тармақша жаңа редакцияда

59) эксперименттік алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

2014.18.02. № 175-V ҚРЗаңымен60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

60) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.


2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынанегізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:

1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды;

2021.15.11. № 72-VII ҚРЗаңымен3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындағантәртіппенмемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

4) сатып алынуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.


3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.



2-тарау. Білім беру жүйесін басқару


4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2013.03.07. № 124-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

3) - 5-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

7) 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8) 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

9) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

10) 2021.24.11. № 75-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралыереженібекітеді;

2012.13.02. № 553-IV ҚРЗаңымен13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

14) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;

16) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

18) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

19) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚРЗаңымен(2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді

21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алуқағидаларынбекітеді;

22) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

22-1) 2021.24.11. № 75-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

22-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

24) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

24-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) осы Заңның8-бабы 4-тармағыныңекінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны берутәртібінайқындайды;

26) - 29) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

29-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)


2011.05.07. № 452-IV ҚРЗаңымен(ресмижарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен5-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті органмынадай өкілеттіктерді орындайды:

1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

2) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

4) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекітеді;

5) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

6) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

7) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулердің жүргізілуін үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, оны интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;

8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

9) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізуқағидаларынбекітеді;

10) «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

11) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

12) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулініңүлгілік оқу бағдарламаларынбекітеді;

13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан шығарунегіздерінбекітеді;

14) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді;

15) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекітеді;

16) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

17) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекітеді;

18) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

19) заңды тұлғаларға:

мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары және күндізгі оқыту және онлайн-оқыту нысандары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары және күндізгі оқыту және онлайн-оқыту нысандары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;

20) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;

21) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

22) «Алтын белгі» белгісі туралыереженібекітеді;

23) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

24) «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекітеді;

25) «Орта білім беретін үздік ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртібін белгілей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткізу қағидаларын бекітеді;

26) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;

27) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын (бұдан әрі - Сот төрелігі академиясы) қоспағанда, мыналарды:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

28) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекітеді, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады және бекітеді, сондай-ақ оларды оған енгізу, оны тоқтата тұру және одан шығару негіздерін бекітеді;

29) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудыңүлгілік қағидаларынбекітеді;

30) тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметініңүлгілік қағидаларынбекітеді;

31) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекітеді;

32) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекітеді;

33) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;

34) орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекітеді;

35) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекітеді;

36) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;

37) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышын бекітеді;

38) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды;

39) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітеді;

40) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекітеді;

41) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынбекітеді;

42) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерініңтізбесінбекітеді;

43) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

44) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдауқағидаларынбекітеді;

45) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беруқағидаларынбекітеді;

46) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудіңүлгілік қағидаларынбекітеді;

47) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжауәдістемесінбекітеді;

48) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуқағидаларынбекітеді;

49) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекітеді;

50) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

51) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекітеді;

52) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекітеді;

53) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;

54) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалауөлшемшарттарынбекітеді;

55) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекітеді;

56) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегіқағидалардыбекітеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

57) білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардыңнысандарынбекітеді;

58) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардыңнысандарынбекітеді;

59) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралыүлгілік шарттың нысандарынбекітеді;

60) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекітеді;

61) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындауқағидаларынбекітеді;

62) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыруқағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруқағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатынталаптардыжәне бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынбекітеді;

63) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;

64) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

65) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекітеді;

66) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптама жасау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекітеді;

67) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді;

68) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

69) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

70) жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуқағидаларынбекітеді;

71) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардыңтізбесінжәне оларды іріктеуөлшемшарттарынбекітеді;

72) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыруқағидаларынбекітеді;

73) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеуөлшемшарттарынбекітеді;

74) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардыңтізбесінбекітеді;

75) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақымөлшерінбекітеді;

76) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітеді;

77) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;

78) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітеді;

79) педагогикалық әдеп қағидаларын бекітеді;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚРЗаңымен79-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

79-1) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін педагогтерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;

80) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

81) педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

82) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

83) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекітеді;

84) 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

85) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді;

86) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының қағидаларын белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;

87) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

88) студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруқағидаларынбекітеді;

89) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекітеді;

90) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекітеді;

91) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;

92) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және ендіруқағидаларынбекітеді;

93) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

94) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын бекітеді;

95) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алады;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен96) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

96) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;

97) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруәдістемесін(бұдан әрі - жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

98) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруқағидаларынәзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

99) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;

100) экстернат нысанында оқытуқағидаларынбекітеді;

101) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындауқағидаларынбекітеді;

102) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыруқағидаларынбекітеді;

103) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекітеді;

104) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды олар орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

105) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

106) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасыныңқұрылымынжәне оны әзірлеуқағидаларынбекітеді;

107) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;

108) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекітеді;

109) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруқағидаларынбекітеді;

110) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі;

111) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыруәдістемесінбекітеді;

112) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

113) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекітеді;

114) мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындауәдістемесінбекітеді;

115) «Өркен» грантын беруқағидаларын және оның мөлшерінбекітеді.

2023.16.11. № 40-VIII ҚРЗаңымен116) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

116) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалануқағидаларынәзірлейді және бекітеді.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 8), 9), 14), 20), 22), 23), 29), 30), 31), 32), 36), 38), 39), 40), 44), 45), 62), 66), 73), 78), 80), 81), 82), 83), 85), 88), 89), 90), 94), 97), 100), 101), 106), 107), 108), 109), 114) және 115) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Сот төрелігі академиясына қолданылмайды;



2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5-1-баппен толықтырылды; 2021.29.06. № 58-VІІ ҚРЗаңымен5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі,Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі,Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;

2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызметқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) әскери, арнаулы оқу орындарында (білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орта білім беру ұйымдарында) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізуқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

6), 7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдауқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;

11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өтуқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдауқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарыныңбіліктілік сипаттамаларынәзірлейді және бекітеді;

14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасуқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатынталаптардыәзірлейді және бекітеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) мамандықтар мен біліктіліктердің, әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларыныңтізбелерінбекітеді;

17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен18) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып, оқыту нысандарын, оның ішінде онлайн-оқытуды қолдану және оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынбекітеді;

19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен5-2-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз)

5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;

2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;

3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өтуқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10) Сот төрелігі академиясының педагогтері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;

11) Сот төрелігі академиясының педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасуқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

12) Сот төрелігі академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

13) Сот төрелігі академиясында білім алу нысандары мен технологияларын айқындайды;

14) Сот төрелігі академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен5-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-3-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:

1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

4) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

5) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;

6) заңды тұлғаларға мыналарды;

кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім беру;

кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;

7) білім беру мониторингін жүзеге асырутәртібінбелгілейді;

8) Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекітеді;

11) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышын бекітеді;

12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;

13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыруқағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатынталаптардыжәне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыруқағидаларынбекітеді;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітеді;

15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекітеді;

17) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды;

18) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамаларды береді;

20) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру ұйымдары түрлерініңноменклатурасынбекітеді;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алады;

22) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

23) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекітеді;

24) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеуқағидаларынбекітеді;

25) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерініңтізбесінбекітеді;

26) «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беруқағидаларынбекітеді;

27) мемлекеттік атаулыстипендиялартағайындайды;

28) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның47-бабының 17-тармағындакөрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтатутәртібінайқындайды;

29) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚРЗаңымен30) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

30) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тану нәтижелерін тануқағидаларынәзірлейді және бекітеді;

2023.04.07. № 15-VІІІ ҚРЗаңымен31) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

31) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлейді және бекітеді.

2023.16.11. № 40-VIII ҚРЗаңымен32) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалануқағидаларынәзірлейді және бекітеді.

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5), 7), 9), 10), 11), 13), 16), 18), 20), 22), 23), 24) және 25) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Сот төрелігі академиясына қолданылмайды.


2013.04.07. № 130-V ҚРЗаңымен6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

1. Жергілікті өкілді органдар:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2017.05.05. № 59-VI ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚРЗаңымен3) тармақшамен толықтырылды (ресмижарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚРЗаңымен1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен1-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен1-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)  

3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен4-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

5-1) 2013.13.06. № 102-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;

7) - 7-2) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен7-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітеді;

2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттікбілім беру тапсырысынбекітеді;

2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 8-1) тармақша өзгертілді

8-1) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен8-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен8-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен8-3) тармақшамен толықтырылды

8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналғанмемлекеттік білім беру тапсырысынбекітеді;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен8-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен8-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

8-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;

9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚРЗаңымен(2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен12-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда

13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен13-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен14) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

 15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

16) 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

2013.13.06. № 102-V ҚРЗаңымен18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен18-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен19) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

2017.05.05. № 59-VI ҚРЗаңымен21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚРЗаңымен22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен22-1) тармақшамен толықтырылды

22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен22-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚРЗаңымен22-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен23) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді

23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жәнеарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен24) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) тармақша өзгертілді

24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында жәнеарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен24-1), 24-2), 24-3), 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылды

24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен24-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен24-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-3) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;

2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен24-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен24-4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

2013.13.06. № 102-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-5) тармақша жаңа редакцияда

24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңымен24-6) және 24-7) тармақшалармен толықтырылды

24-6) 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесініңүлгілік қағидаларынәзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен24-8) тармақшамен толықтырылды

24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен24-9) тармақшамен толықтырылды

24-9) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен24-10), 24-11) және 24-12) тармақшалармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

24-11) 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)  

24-12) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен24-13) тармақшамен толықтырылды

24-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен25) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚРЗаңымен25) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресмижарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

6) - 6-2) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен7-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен7-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен7-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен7-3) тармақшамен толықтырылды

7-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен7-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен7-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;

8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚРЗаңымен11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

 12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)  

13) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2013.13.06. № 102-V ҚРЗаңымен19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2016.22.12. № 29-VI ҚРЗаңымен20) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 22) тармақша өзгертілді

22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

2017.05.05. № 59-VI ҚРЗаңымен23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңымен24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылды

24-1) 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚРЗаңымен25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен25-1), 25-2), 25-3), 25-4), 25-5), 25-6), 25-7) және 25-8) тармақшалармен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен25-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

 25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен25-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-6) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 25-7) тармақша өзгертілді

25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен25-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен25-9) тармақшамен толықтырылды

25-9) конкурс жеңімпаздарына -техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен26) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша өзгертілді

26) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жәнеарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен27) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27) тармақша өзгертілді

27) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында жәнеарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен27-1) тармақшамен толықтырылды

27-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен28) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚРЗаңымен28) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресмижарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен3-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды білім беруді басқарудың тиісті органдары және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандар әкімдерінің аппараттары арқылы іске асырады.

Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және олардың бақылауында болады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2) - 4) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) - 6-2) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

7) - 11) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен12) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

13) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

2017.05.05. № 59-VI ҚРЗаңымен17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;

18) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) 2019.26.11. № 273-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

19-1) - 19-3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

21) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

21-1) - 21-3) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21-4) 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

21-5) 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.29.12. № 372-IV ҚРЗаңымен22) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚРЗаңымен22) тармақша жаңа редакцияда (ресмижарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)


2019.26.11. № 273-VІ ҚРЗаңымен6-1-баппен толықтырылды

6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.

2. Облыстық білім беруді басқару органдары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.


2020.25.06. № 347-VІ ҚРЗаңымен7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету

1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері құрылады.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге де деректерді қамтиды.

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды

3. «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған.

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен4-тармақпен толықтырылды

4. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынасәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.

Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекет ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі ұсынған шекте білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуын жалғастыруына, өздерінің қабілеттерін еркін дамытуына жағдайлар жасайды.

2011.22.07. № 478-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 93-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 214-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарындажәне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарындаалынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.

2-тармақтың 2 бөлігі 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілегентәртіппенҚазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.

Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.

Стипендиялық бағдарламалар бойынша білім алатын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

2015.24.11. № 419-V ҚРЗаңымен2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-2-тармақпен толықтырылды

2-2. Мемлекет студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы жаңадан берілетін орындармен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды қамтамасыз ету бойынша жағдай жасайды. Жатақханаларда тұру үшін ақы төлеу студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және жатақхананың меншік иесі арасында үш жылдан асатын мерзімге жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жыл мерзімге тыйым салудың болуы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шартының міндетті талабы болып табылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2013.14.01. № 68-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.

Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

3) көп балалы отбасылардың балалары;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы жәнеарнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбалаларды қолдау орталықтарындағы балалар;

5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

2017.25.12. № 122-VI ҚРЗаңымен10) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

2017.25.12. № 122-VI ҚРЗаңымен11) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.

2014.14.01. № 161-V ҚРЗаңымен4-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 435-V ҚРЗаңымен(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді

4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.

8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элитарлық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.


2015.19.05. № 315-V ҚРЗаңымен8-1-баппен толықтырылды

8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен8-2-баппен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен8-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия

Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.


9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.

2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды.

Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.

3. 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Білім беру ұйымдары танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.

6. 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)



3-тарау. Білім беру жүйесі


10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4) тармақшамен толықтырылды

4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.


11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

1. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,Конституцияғақайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен14) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 14) тармақша жаңа редакцияда

14) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау болып табылады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

12-бап. Білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды



4-тарау. Білім беру мазмұны


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Білім беру бағдарламалары

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

3) қосымша болып бөлінеді.

Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарларының және (немесе) үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.

Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орта білім беру;

4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.

Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы оқу бағдарламалары әзірленеді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.

Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:

1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;

2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;

3) жоғары бiлiмнің;

4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.

2012.10.07. № 36-V ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған білім беру бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.

7. 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқубағдарламаларынбілім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2015.13.01. № 276-V ҚРЗаңымен8-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен8-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойыншаүлгілік оқу бағдарламаларынбілім беру саласындағы уәкілетті органмен және (немесе) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.

2011.19.01. № 395-IV ҚРЗаңымен9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға құқылы.

Білім беру ұйымдары ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқыту үшін білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдейді.


15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады;

3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.


16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.

Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.

Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - бес жыл.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары мазмұнына және білім алушылардың даярлық деңгейіне қарай мынадай болып бөлінеді:

1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары.

Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді;

2) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары.

Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, «орта буын маманы» біліктілігі және (немесе) жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.

3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ол тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары жалпы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.

5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.


18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде іске асырылады.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Арнайы оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.

2. 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Арнайы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнаулы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары «бакалавр» дәрежесін немесе «маман» біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.

«Бакалавр» дәрежесі беріліп немесе «маман» біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары міндетті құрауыштың және таңдау бойынша құрауыштың пәндерін қамтиды.

Білім алушы таңдау бойынша құрауыш шеңберінде жеке оқыту траекториясын айқындау кезінде:

1) негізгі білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді;

2) қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады.

Негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді меңгерудің тәртібі мен көлемі кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны қамтиды.

Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру «дәрігер» біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады.

Интернатурада медицина кадрларын даярлауқағидаларынденсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары педагогтер, ғылыми қызметкерлер мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кәсіптік практиканы, диссертация (бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына арналған жобаны) жаза отырып, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара)

1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3) тармақшамен толықтырылды

3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.


24-бап.2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары

Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.



5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру


26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара)

1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.

1-1. 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара)  2-тармақ жаңа редакцияда

2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi ұйымдарға және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1. Конкурстық негізде «Өркен» гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау, осы баптың 8-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданады.

2011.19.01. № 395-IV ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық степендиясын алу құқығы бар.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚРЗаңымен(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен:

1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған адамдардың;

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;

2) 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, тізбесін бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының;

2018.16.05. № 155-VI ҚРЗаңымен4) тармақшамен толықтырылды; 2020.06.05. № 323-VІ ҚРЗаңымен4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:

2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

2020.06.05. № 323-VІ ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;

2015.24.11. № 421-V ҚРЗаңымен6) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚРЗаңымен6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;

2021.02.01. № 399-VI ҚРЗаңымен7) тармақшамен толықтырылды

7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;

2021.02.01. № 399-VI ҚРЗаңымен8) тармақшамен толықтырылды

8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;

2021.02.01. № 399-VI ҚРЗаңымен9) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңымен9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚРЗаңымен8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.

10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралызаңнамасынасәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаутәртібіносы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілікережелеріменреттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оныңүлгілік нысанынбілім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Білім алу нысандары

Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқыту, онлайн-оқыту және экстернат нысанында жүзеге асырылады.


28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.

Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

2015.03.12. № 433-V ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.

5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа) жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.

Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда

9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен(қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:

орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне;

Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.

Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.

2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.


31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар орта білім алу үшін алты - он жастан білім беру ұйымдарына қабылдана алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алудың ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиіс.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.

2017.18.04. № 58-VI ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.

Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.


32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.

Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.

2. 2011.24.10.№ 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

3. 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен4-тармақпен толықтырылды

4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен32-1-баппен толықтырылды

32-1-бап. Кәсіптік даярлық

1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей кәсіпорын (ұйым) базасында, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.

Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорында (ұйымда) оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.

Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.


34-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)


35-бап. Жоғары білім беру

1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

2011.15.07. № 461-IV ҚРЗаңымен(ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында iске асырылады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлай-оқыту және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.

Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының негiзгi түрлерi болып табылады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «бакалавр» дәрежесі беріледі немесе «маман» біліктілігі беріледі.

4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.


36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.

Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлауқағидаларынденсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Қосымша білім беру

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.

Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.

Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады.

Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі.

Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Кадрлардың біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.

Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бiлiктiлiгiн арттыру үш жылда бір реттен сиретпей және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырылады.

5. 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.

Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен7-тармақпен толықтырылды

7. «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:

1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;

2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;

5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;

6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;

8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен37-1-баппен толықтырылды

37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет

1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қашықтан оқыту ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.


2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен37-2-баппен толықтырылды

37-2-бап. Қашықтан оқыту

1. Қашықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.


38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы кадрлар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіптік практика тиісті кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.

2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.

Шарттарда білім беру ұйымдарының, практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындарда (ұйымдарда) көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындармен (ұйымдармен) шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақпен толықтырылды

6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен7-тармақпен толықтырылды

7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-бап. Білім туралы құжаттар

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі:

1)білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты;

3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат.

Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.

Білім туралы құжаттардың қорғаныш белгілері болады.

2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3-тармақ 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Тоқтата тұру кезеңінде 3-тармақ2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарғадейін қолданылды,2017 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 1 қаңтарғадейін қолданылды,2021 ж. 1 қаңтарданбастап қолданылатын редакциясын қараңыз

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац2-баптыңредакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары береді

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.

Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.

39-баптың 5-тармағы 2015 ж. 29 қарашадан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңның2-бабының4-тармағыныңредакциясында қолданылады (2021 ж. 1қаңтарданбастап қолданылатын редакцияны қараңыз)

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен(2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен5-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.

6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларғабелгіленген үлгідегі анықтамаберіледі.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.



6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері


40-бап. Білім беру ұйымдары

2014.16.05. № 203-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.

2011.19.01. № 395-IV ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады;

2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды;

2014.16.05. № 203-V ҚРЗаңымен3) тармақшамен толықтырылды

3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.

Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.

2011.19.01. № 395-IV ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:

1) мектепке дейінгі ұйымдар;

2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

5) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;

8) арнайы білім беру ұйымдары;

9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;

10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;

11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.

Білім беру ұйымдары түрлерініңноменклатурасынғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады.

Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.

Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;

2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;

3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;

4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту;

5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру.

Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


40-1-бап. 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)


41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;

2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;

3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);

4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;

4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;

5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;

6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.


42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Коммерциялық ұйымдар ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын коммерциялық емес ұйымдар етіп қайта ұйымдастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындабелгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы қолданылмайды.

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайларда, оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде:

1) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді;

2) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етеді.


43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.

3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:

1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2013.21.05. № 93-V ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:

алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;

алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен2-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен2-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен2-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-5) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) ұлттық бірыңғай тестілеуді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктіліктерін беру;

6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;

8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;

10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

2016.22.12. № 29-VI ҚРЗаңымен11) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;

2016.22.12. № 29-VI ҚРЗаңымен11-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.06. № 80-VІ ҚРЗаңымен11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

2017.30.06. № 80-VІ ҚРЗаңымен11-2) тармақшамен толықтырылды

11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

2017.28.12. 128-VI ҚРЗаңымен11-3) тармақшамен толықтырылды

11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;

2020.25.06. № 347-VІ ҚРЗаңымен11-4) тармақшамен толықтырылды

11-4) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;

12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;

14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;

16) 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

17) 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен18) тармақшамен толықтырылды

18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.

4. 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

5. 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақпен толықтырылды

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:

1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;

2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;

4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;

5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;

6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;

7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;

8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.

2019.19.04. № 250-VІ ҚРЗаңымен6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен6-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеп-қарау және консультация беру бағдарламаларын іске асырады.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен6-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтары түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен7-тармақпен толықтырылды

7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.


2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен43-1-баппен толықтырылды

43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен мынадай қызмет түрлерін:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

2) білім алушыларды тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;

3) жұмыскерлерді тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;

4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;

6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, спорттық және шығармашылық секциялар құруды;

7) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызметті;

8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагогтер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысуды;

2020.10.06. № 344-VІ ҚРЗаңымен9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) білім алушыларды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери қызметке даярлауды;

10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды;

11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалау конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құруды;

12) білім мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ендіруге қатысуды;

13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыруды, жасауды және дамытуды;

14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысуды;

15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;

16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;

3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;

5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;

6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;

8) білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;

9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;

12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;

13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын ендіру;

15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;

18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорын құруға;

2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;

3) стартап-компаниялар ашуға;

4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;

5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.

2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара)

4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы.

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.


2013.04.07. № 130-V ҚРЗаңымен44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.11. № 40-VIII ҚРЗаңымен(2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары академияларының, сондай-ақҚазақстан РеспубликасыҰлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарыныңтізбесінғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

4. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау олардың кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу мерзімдері мен шарттары мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында айқындалады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.

8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.

9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.

Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудыңүлгілік ережелерінбілім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен9-2-тармақпен толықтырылды

9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында, осы Заңның43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:

1) штат санын бекіту;

2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;

3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;

4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.

9-3.2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.01.03. № 414-ІV ҚРЗаңымен10-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасыныңзаңдарындабелгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.


45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі,Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі,Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.

3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.


2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен45-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 130-V ҚРЗаңымен45-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.

2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:

1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) технологиялық базасын пайдалана және тәлімгер бекітіп беріле отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдем-десу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;

4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;

2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;

6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.

3. Әлеуметтік әріптестік:

1) республикалық деңгейде;

2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.

4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметініңтәртібінбілім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.


47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.

Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады.

Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.

3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚРЗаңымен7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:

1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;

2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.

5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

6-1. 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңыменалып тасталды(2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-2. 2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңыменалып тасталды(2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент-дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.

Көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамдардың және құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.

Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.

Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.

8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.

10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.

12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.

14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен15-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен15-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді

17. Осы Заңның26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасындабелгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен17-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.

Осы Заңның26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасындабелгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.

Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін:

1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;

3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда,Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтынмерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-1-тармақпен толықтырылды

17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;

2015.03.12. № 433-V ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-2-тармақпен толықтырылды

17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;

 4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-3-тармақпен толықтырылды

17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:

1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;

2022.27.06. № 129-VII ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен17-4-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен17-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.

Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен17-5-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен17-5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.

18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.


48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.

2016.22.12. № 29-VI ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.

4. 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.


2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен48-1-баппен толықтырылды

48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу

1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде:

1) әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге;

2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары) көзделмеген жағдайларда көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алудан бас тартуға;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге жетіспейтін құжаттарды ұсынуға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттеріне;

4) конкурстық құжаттамада көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге;

5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген өлшемшарттарды қолдану, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын есептеу тәртібін бұзуға;

6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушіні тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде тапсырыс беруші:

1) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу тәртібін сақтауға;

2) мынадай:

әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда оның шарт жасасудан жалтару;

өнім берушінің қызметтерді көрсету, тауарларды сатып алу туралы өзімен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау;

өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;

3) егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмеген жағдайда, конкурстың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін қабылдамау негіздемелерін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдамауға негіз болған растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсетуге;

4) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарына (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келетін көлемде бекіту (нақтылау) тәртібін сақтауға;

5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарауға және конкурс қорытындысы туралы хаттаманы орналастыруға міндетті.

3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілер (әлеуетті берушілер) тізбесінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) өзін жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) немесе мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.


49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консуль-тациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды

5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.



2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ МӘРТЕБЕСІ


2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады.

3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.


2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен51-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

51-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіптік қызметіне:

1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2020.07.07. № 361-VI ҚРЗаңымен3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;

4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;

5) Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек кодексіндекөзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) дара педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

7) 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2016.09.04. № 501-V ҚРЗаңымен9) және 10) тармақшалармен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚРЗаңымен9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚРЗаңымен10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10)арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтажбаланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

Міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынажәне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.


2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен52-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

52-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.

2. 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

4. 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.

2018.26.12. № 203-VІ ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:

 философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатынайлық есептік көрсеткіштің17 еселенген мөлшерінде;

ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатынайлық есептік көрсеткіштің17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларғаорташа арақатынасынғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер мынадай:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

2018.02.07. № 165-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге:

1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;

2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2008.24.12 № 111-IV ҚРЗаңымен2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

2008.24.12 № 111-IV ҚРЗаңымен2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:

2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралызаңнамасыменайқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушігежұмсау бағытынҚазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтынайлық есептік көрсеткіштің2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.

3) 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)



8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу


54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.


55-бап. Білім беру сапасын басқару

1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін әкімшілік деректер мен талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

5. 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен6-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен7-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:

 1) 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;

3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.


56-бап. Білім берудіңмемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4) тармақшамен толықтырылды

4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.

2015.03.12. № 433-V ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.


2014.16.05. № 203-V ҚРЗаңымен57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен57-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралызаңнамасынасәйкес лицензиялануға жатады.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара), 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара)  2-тармақ өзгертілді

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау - біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы көрсетіледі.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары және оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды, қолданылу мерзімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданысқа енгізілген кезге дейін берілген лицензия қосымшасын қоспағанда) және атауы көрсетіледі.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі.

Лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін олардың қолданылу мерзімі өткенге дейінгі төрт айдан ерте емес, бірақ отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мыналармен қоса өтініш береді:

1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар;

2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиар өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтінішті қарайды;

2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдейді не оларды қайта ресімдеуден бас тартады.

Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіздер бойынша қайта ресімдеуден бас тартады:

1) осы тармақтың төртінші бөлігі талабының сақталмауы не құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;

2) өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі.

2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.

2015.21.07. № 337-V ҚРЗаңымен4-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексіндекөзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:

1) оқу процесін жалғастырады;

2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;

3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:

1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);

3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:

1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;

2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.

Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:

1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;

2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.


2014.16.05. № 203-V ҚРЗаңымен57-1-баппен толықтырылды

57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралызаңнамасынасәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.


58-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)


59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

2011.15.07. № 461-IV ҚРЗаңымен1-тармақ өзгертілді (ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚРЗаңымен1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралызаңнамасыныңталаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3) тармақшамен толықтырылды

3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;

2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;

3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан РеспубликасыныңКәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.

Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

4-тармақтың бесінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтарға дейінқолданылды(бұр.ред.қара)

Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының лауазымды адамдарының мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.

Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:

1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;

2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.

Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;

2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;

3) әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚРЗаңымен4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-1. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына ұсынады.

5. 2018.24.05. № 156-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

6. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

7. 2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8. 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8-1. 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8-2. 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:

1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚРЗаңымен(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 8-4-тармақ өзгертілді

8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан РеспубликасыныңКәсіпкерлік кодексінесәйкес тексерілуге жатады.

Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексіндекөзделген тәртіппен тоқтата тұруға білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құқығы бар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен8-5, 8-6, 8-7, 8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 және 8-13-тармақтармен толықтырылды

8-5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтарының жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.

8-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай деректерді талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізіледі:

1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;

2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;

3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.

8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.

8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:

1) пошта арқылы - тапсырысты хатпен;

2) электрондық тәсілмен - білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.

8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен келісіледі.

8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.

8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.

Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.

9. 2009.17.07. № 188-IV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

10. 2009.17.07. № 188-IV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.

12 - 16. 2009.17.07. № 188-IV ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)


60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2019.26.11. № 273-VІ ҚРЗаңымен1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;

2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;

6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2020.29.06. № 351-VI ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.



9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету


61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.

2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:

1) тиімділік пен нәтижелілік;

2) басымдық;

3) айқындылық;

4) жауаптылық;

5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

2017.05.05. № 60-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Білім беру жүйесін қаржыландыру көздері:

1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) стипендиялық бағдарламаларды бюджеттік қаржыландыру;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының инвестициялық кірістерінің қаражаты болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері болып табылады.


62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде айқындалатын көлемде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен4-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандардағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру кәсіпорындары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Сот төрелігі академиясын, медициналық, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ қаржыландыру көлемін тиісті саланың уәкілетті органы өзі дербес айқындайтын республикалық орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шығыстармен айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Білім беру ұйымдары өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалған, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ағымдағы қаржы жылындағы кірістерін кезекті қаржы жылында пайдаланады.

4-1. 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңыменалып тасталды(бұр.ред.қара)

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен4-2-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен(2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-2-тармақ жаңа редакцияда

4-2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

2019.27.12. № 291-VІ ҚРЗаңымен4-3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен4-4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Кадрларды даярлауға, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) кадрларды даярлау бағыттарын;

2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);

3) бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа кұнын қамтуға тиіс.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның65-бабының 4-тармағындакөзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында кадрларды даярлау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен5-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылғанредакциянықараңыз) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 5-1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен(қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен5-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-1. Білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру тапсырысының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

2017.05.07. № 88-VI ҚРЗаңымен6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың санын және бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен6-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының мазмұнына қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып, білім беру гранттары түрінде орналастырылады.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен9-тармақпен толықтырылды

9. Шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында стипендиялық бағдарламалар бойынша оқытуды қаржыландыру оқытудың тиісті кезеңіне бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.


63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына:

1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;

2) осы Заңның63-бабының 3-тармағындакөзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагогтерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.

Өнер мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен(қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік білім беру мекемелері және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс,ақылы қызметтеркөрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

2015.13.11. № 398-V ҚРЗаңымен8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру;

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен10) тармақшамен толықтырылды

10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы.

Қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауқағидаларынасәйкес әскери, арнаулы оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы.

Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауқағидаларынЖоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2019.19.04. № 250-VІ ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға) беруден алынған кірістерді өзі дербес пайдаланады.

2021.08.01. № 410-VI ҚРЗаңымен3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдары ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай:

1) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

2) бағдарламалардың оқу жоспары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері (модульдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамыту бойынша);

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек тұрғындар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және өткізу;

5) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызмет;

6) білім алушылардың оқуға түсуіне және білім алушыларды аралық немесе қорытынды аттестаттауды (талапкерлер үшін дайындық сабақтарын, сынама тестілеуді) жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

7) білім алушыларға ақылы негізде оқу кезеңіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жұмыс кезеңіне бос орындар болған кезде жатақханадан орын беру;

8) цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;

9) оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуға құқылы.

2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚРЗаңымен(қолданысқа енгізілетінтәртібінқараңыз) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге)бағаларҚазақстан Республикасыныңзаңнамасындабелгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді.

Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.

Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.


2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен64-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару

 1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.

2011.01.03. № 414-ІV ҚРЗаңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

2021.26.06. № 56-VII ҚРЗаңымен3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен мемлекет жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары иеліктен шығаруға жатпайды.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚРЗаңымен3-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Өздеріне тиесілі мүліктік кешендері бар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, балаларға арналған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары иеліктен шығарылуға жатпайды.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен4-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» гранттарын алған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік мекемелер гранттарды материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.


2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен64-1-баппен толықтырылды

64-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша мемлекеттің жауаптылығы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымында ақша жеткіліксіз болған кезде әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджеттің қаражатымен оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.



10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет


65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚРЗаңымен(ресмижарияланғанынанкейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагогтер және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.

Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2012.09.01. № 535-IV ҚРЗаңымен(бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚРЗаңымен(2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ол айқындағантәртіппенжүзеге асырылады.

2018.24.05. № 156-VI ҚРЗаңымен5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ мұндай оқу орындарын бақылау және аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.



11-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын

бұзғаны үшін жауаптылық


67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.



2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер


2018.04.07. № 171-VІ ҚРЗаңымен67-1-баппен толықтырылды

67-1-бап. Өтпелі ережелер

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға мамандықтар бойынша білім туралы құжатты беруге құқылы.

2022.03.05. № 118-VII ҚРЗаңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның осы Заңның57-бабы 3-1-тармағыныңекінші бөлігінде белгiленген қолданылу мерзiмi осы норма қолданысқа енгізілген кезге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қолданылмайды.


68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін8-баптың 2-тармағыныңекінші бөлігін,52-баптың 6-тармағыныңекінші абзацын,7-тармағы 1) тармақшасыныңекінші және бесінші абзацтарын,8-тармағының 2), 3) тармақшаларынжәне53-баптың 3-тармағының1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресмижарияланғанкүнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚРЗаңымен2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.

3. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан РеспубликасыЗаңының(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.



Қазақстан Республикасының

Президенті


Н. Назарбаев


Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі.

№ 319-ІІІ ҚРЗ









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: