Дебаттық клуб »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2021

Дебаттық клуб

Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Дебат клубтарының мақсаты - оқушылардың ретке келтірілген көзқарасын, пікір мен идея алмасу қабілеттерін дамыту.
Біздің гимназияда да бұл бағыт жақсы дамып келеді. Соның ішінде тарих пәнінің мұғалімі Кудайбергенов Данияр Кудайбергеновичтің ұйымдастырған «Жас тарихшы» дебат клубын ерекше атап өтуге болады. 
Дебаттар  мына сыныптарда өткізілді: 10 ә сыныбы, «Қазақ кино индустриясының тарихи бағытындығы фильмдерінің қоғамдық тарихты (public history) дамытудағы рөлі», 5б сыныбы «Күнделіктілік тарихы дегеніміз не? Және оның Қазақстан тарихы ғылымындағы потенциалы», 11ә сыныбы «XVIII-XIX ғасырдағы  қазақ қоғамындағы ер мен әйел теңдігі» тақырыптарыптарына өтілді. Оқушылар өте белсенді қатысып, пәнге деген қызығушылығы оянғандығы байқалды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: