Жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған салтанатты мереке »
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№15 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған салтанатты мереке
03
июль
2022

Жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыруға арналған салтанатты мереке

16 маусымда Алматы қаласының “15 Гимназия” КММ-де жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыруға арналған салтанатты мереке өтті.❤️
Бұл күн ерекше, өйткені түлектердің үлкен өмірге басқан қадамдары биылғы еліміз үшін ерекше аталып отырған «Балалар жылымен» тұспа тұс келіп отыр.  Егеменді еліміздің жаңа тарихындағы жарқын жылдары жастарға деген ерекше назармен ерекшеленеді.  
Бүгінгі сәттің екінші ерекшелігі 140 түлектің мектеп бітіріп отырғаны. Өйткені бұл соңғы жылдардағы түлек санының рекордтық көрсеткіші болып отыр.
Құрметті ата-аналар! Бүгін үкіліген үміттеріңіз үлкен өмірге  шығып жатыр. Қадамдары құтты болсын. Балаларыңыз  еңбектеріңізді  жандырып, үміттеріңізді ақтасын.
Құрметті жас түлек!❤️
Сіздер еліміз армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармауларыңыз керек.
Сіздердің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз.
Сәт сапар, Ақ жол, Жас түлек! ❤️

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: